Реклама от asia.kz: Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/shop/

Контактная информация: Тел.: +7 (702) 9035085  

 
 ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕКТЕП ТҮЛЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕМІСТІ ОРАЛДЫ
2013 жылы 25-26 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясында өткен "Қықық негіздері" Республикалық байқауында "Үлгілі" жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Кукенбай Ерсін Академия грантын жеңіп алды. Кукенбай Ерсін олимпиадаға аудан, облыс атынан қатысқан болатын. Ұстаздар сенімін ақтап, жеңімпаз атанды.
2013 ЖЫЛЫ 926 БІЛІМ ОШАҒЫНДА E-LESRNING ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Е-learning электрондық оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша 2010 жылдан бері іске асырыла бастаған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі, сондықтан оны жүзеге асыру Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртудағы маңызды қадамы болмақ.
2013 жылы 926 орта, техникалық және кәсіптік білім беру ошақтарында электрондық оқыту жүйесі енгізіліп, онда 4-10 Мбит/с жылдамдықты құрайтын кеңжолақты Интернет желісі өткізілмек.
Жалпы алғанда, 2015 жылдың соңына дейін 4138 білім беру мекемелеріне (2012 жылы – 537, 2013 жылы – 926, 2014 жылы – 1317, 2015 жылы – 1311) электронды оқыту жүйесін енгізу көзделген.
Е-learning жүйесі енгізіліп отырған мектептер мен колледждерде сымсыз Wi-Fi желісі орнатылуда, оқытушылардың жұмыс орындары дербес компьютерлік техникамен, интерактивтік жабдықтармен жарақталуда. Әр мектеп пен колледжде оқушыларға арналға екі компьютер сыныбы: стационарлық және мобильдік сыныптар ашылуда.

Е-learning жүйесі қазақстандық білім беру жүйесін жаңартудың түбегейлі жаңа бағыты болып табылады. 2020 жылға дейін республика мектептерінің 90 пайызын электрондық оқыту жүйесімен қамту жоспарлануда.
 

Сайттымызға қош келдіңіз!

Бұл сайт сізге мектеп туралы ақпарат

жыйнауға жанеде жаңалықтармен танысуға

керекті заттарды алуға көмектеседі!

Пожаловаться на сайт